Біздің студенттеріміздің ішінде өнерге, сахнаға ерекше құштар қыздар көп. Олар әрдайым эмоцияны сөзбен жеткізуге, өмірдегі көріністерді шығармашылық тілмен бейнелеуге тырысады.
Осындай рухты қолдап, студенттер арасында мәдениет пен өнерді дамыту мақсатында театр ашу ойы пайда болды. Біз бұл театрды тек қойылымдар үшін ғана емес, жеке ой, сезім, шығармашылық еркіндік пен студенттеріміздің жаңа идеялар алаңы ретінде қарастырамыз!